18 наурыздан бастап аштық акциясын қайта бастаған «Халыққа баспана қалдырайық» қозғалысының мүшелері бүгін журналистерге арнап баспасөз мәслихатын өткізді.
Аштық жариялаушылардың бірі - Әлия Турдиева Азаттыққа берген сұхбатында, наразылық танытып, 6 күннен бері нәр татпағанына қарамастан, банк және коллекторлық компаниялардың тарапынан қысым көрсету әлі тоқтамағанын жеткізді. «Бізге енді 10-шы қабаттан секіріп өлуден басқа жол қалмаған тәрізді. Өйткені, билік тарапынан ешкім көмек қолын созып жатқан жоқ, ал банктер болса біздің пәтерлерімізді алып қоюдан басқа ештеңе ойлап жатқан жоқ»- деді Әлия Турдиева.
Сонымен қатар, аштық жариялап жатқан 13 адамның біреуі 22 наурызда ауруханаға жеткізілгені белгілі болды.