Оңтүстік Ауғанстанда 9 полиция офицері қаза болды

Көтерілісшілер Оңтүстік Ауғанстанда 9 полиция офицерін өлтірді. İшкі істер министрлігінің айтуынша, бұл шабуыл Хелманд аймағының Нахри Сарраж ауданында орын алған. Шабуылды Ауғанстан жаулары жасады дейді министрлік. Оңтүстік Ауғанстан-Талибан көтерілісшілерінің орталығы. Ондағы халықаралық күштерге биылғы жылдың соңына қарай бірнеше мыңдаған АҚШ күштері қосылатын болады.