Бағдатта 16 адам қаза болды

Бағдаттың Шааб ауданында болған көліктегі бомбалық жарылыстан бүгін кем дегенде 16 адам қаза болып, 35-і жараланды. Олардың арасында балалар мен әйелдер де бар көрінеді. АҚШ және Ирақ қауіпсіздік күштері елде күш қолданулар азайды деп сәрсенбіде паш еткен еді. Алайда көтерілісшілер өз күштерін көрсетіп қоюға тырысуда. Дүйсенбіде болса, Бағдаттың автобус тұрағында жарылыстан 9 адам қаза болған-ды.