Ауғанстанның Сауда министрі экспортпен айналысушы іскер азаматтарға қойылатын шарттарды жеңілдетуге уәде берді. Бұл жөнінде Вахидулла Шахрани Қабылда, наурыздың 26-да іскер адамдармен кездесуі кезінде мәлімдеді. Таяуда ғана елде қабылданған салық көлемін көбейту туралы заң импорт-экспорт істерін тығырыққа тіреген болатын. Соның кесірінен жүк тиелген бірнеше ондаған көліктер шекаралық бекеттерде тұрып қалған еді.