«Тристар» үлескерлерінің шағымы сотта қаралып жатыр

Бүгін Алматының Медеу аудандық сотында «Қазтранскомсервис» компаниясының тоқсанға жуық үлескерлерінің «Тристар» тұрғын үй кешеніне салынан тыйымды алып тастау туралы азаматтық шағымын қарау басталды.

2008 жылы наурыздың 25-і күні Ақмола гарнизонының Әскери соты «Қазтранскомсервис» директоры Сергей Цойды «тыңшылық» жасаған деген айыппен 14 жылға соттап, мүлкін тәркілеген болатын.

Бірқатар ақпарат көздері бұл процестің атышулы Әлиев-Мұсаев ісімен бір санатта жүргізілгендігін хабарлаған-ды. Тәркіленген мүліктің ішінде «Қазтранскомсервис» компаниясы құрылысын бастап, аяғына дейін жеткізбеген «Тристар» тұрғын үй кешені де бар.