Қырғыз оппозициясы шерулерін бастады

Қырғызстанда оппозиция қолдаушылары үкіметке қарсы жалпыұлттық наразылық шараларын бастады. Оппозицияның айтуынша, Бішкектегі шеруге шамамен 4 мың адам қатысуда. Ал ресмилер болса ел астанасындағы наразылық шарасына 2 мыңдай адам қатысуда деп отыр. Оппозиция президент Құрманбек Бәкиевтің шілде айындағы сайлауға түсу жөніндегі шешіміне наразылық танытып, билікті оппозиция жетекшілері мен белсенділерін және тәуелсіз журналистерді қудалауын тоқтатуға шақырды.