Ирақ астанасында қарулы қақтығыс болды

Ирақ астанасы – Бағдадта АҚШ әскерилеріне арқа сүйеген ұлттық қауіпсіздік күштері мен сүннит жасақтарының қақтығысында 4 кісі оққа ұшты. Ирақ армиясының өкілі хабарлағандай, бұл қақтығыс - терроризммен айналысты деген күдікпен сүнниттер тобының көсемі Әл-Машһадани тұтқындалған сенбі күні шықты. Мұндай топтар бұрын Әл-Қаида ұйымына қарсы тұрған көтерілісшілерден тұрады.