Дағдарысқа байланысты оңшыл-центристер Чилиде бас қосты

Әлемнің экономикалық дамыған 20 мемлекетінің басшылары 2 сәуір күні Лондонға жиналғанда әлемдік қаржы жүйесін қадағалауды қатаңдатуға және қажетті реформаларды іске асыру жөнінде өзара келісуге тиіс.
Оңшыл-центристік үкіметтердің басшылары, оның ішінде Ұлыбритания премьер-министрі Гордон Браун мен Бразилия президенті Луис Инасио Лула де Сильва осылай деп мәлімдеді.
АҚШ-тың вице-президенті Джо Байден сенбі күні Чилидегі осы басқосуға келіп, әлемдік қаржы нарығын тым қатты реттеуге болмайтынын ескертті.
Дамыған 20 ел басшыларының Лондондағы саммитінің қарсаңында Ұлыбритания, Франция, Германия, Италия және тағы басқа Батыс елдерінде мыңдаған жұрт экономикалық дағдарысқа қарсы шеруге шықты.