АҚШ президенті Барак Обаманың айтуынша, Құрама Штаттар Пәкістан үкіметімен ақылдасулардан кейін Пәкістандағы әл-Қаида басшыларын іздестіруін жалғастырады. Обама мырза АҚШ-тың “Face The Nation” теледидарына берген сұхбатында, дей тұрғанмен ресми Вашингтон Пәкістанның егемендігін сыйлап, сондықтан да Пәкістан жерінде әскерін орналастырмайтындығын айтты. Обама сондай-ақ Пәкістан үкіметінің Ауғанстанмен шекарадағы әл-Қаида және Талибан жасақтарына қарсы күрестерін күшейтуін Құрама Штаттардың қадағалайтынын да айта кетті.