Қырғыз оппозициясы өкілінің мәйіті анықталды

Қырғызстан прокурорларының айтуынша, Бішкек маңында отқа оранған көлік ішіндегі мәйіт-президент әкімшілігінің бұрынғы басшысына тиесілі. Осылайша Медет Садыркуловтың өліміне қатысты алғашқы ресми растау ресейлік сарапшылардың қортындысынан кейін мүмкін болып отыр. Бас прокуратура кеңсесінің наурыздың 30-да таратқан мәлімдемесіне қарағанда, прокурорлар осы қортындымен келіскен. Наурыздың 13 күнгі жол апатында Садыркуловпен бірге екі жолсерігі жанған көлік ішінде қалған болатын.

Ол қаңтар айында биліктен кеткен еді.