Обама Еуропаға сапарын бастауда

АҚШ президенті Барак Обама бүгін Еуропаға барады. Бұл оның президент міндетіне кіріскеннен кейінгі аймаққа жасап отырған алғашқы сапары.

Обама алдымен Лондонға барып, экономикасы дамыған жетекші 20 ел тобының саммитіне қатысады. Бейсенбі күнгі басқосудың күн тәртібінде ғаламдық қаржы дағдарысы тұр. АҚШ президенті Лондонда Ресей және Қытай басшыларымен кездеседі. Кейін Обама Франция мен Германияға сапар жасайды.