Ресейдің Челябинск қаласындағы полиция 3 жергілікті журналистті тұтқындады. Анастасия Богомолова мен Илья Кнапский және Елизавета Колесникова қала орталығында наразылық шарасын ұйымдастырып жатқан болатын. Олар Газетачель ақпарат құралының басшыларынан жалақылары мен өтемақыларының төленуін талап етті. Азаттық радиосы орыс қызметінің тілшісі тұтқындалған журналистерге рұқсат етілмеген жиын өткізді деген айып тағылып отыр деп хабарлады.