Ресей журналисі соққыдан қаза болды

Ресейдің “Гражданское согласие” газетінің қызметкері Сергей Протазанов сенбі күні соққыға жығылып, дүйсенбіде ауруханадан шығарылғаннан кейін қаза болды дейді осы газет өкілі Анатолий Юрев. Оның айтуынша, Протазанов Мәскеуде болған қала басшысына сайлау барысында Химки ауданында заң бұзушылықтар орын алды деген хабарды әзірлеу үстінде болған екен.

Ал полицияның айтуынша, ол соққыдан емес, араққа уланған күйінде табылып, соның кесірінен қаза болған.