Молдова парламенттік сайлауында заңсыздықтар орын алуы мүмкін

Алда болатын Молдова парламенттік сайлауында зорлық пен көзбояушылық орын алуы мүмкін дейді бақылаушылар. Интерполдың іздестіру тізімінде есімдері тұрған адамдардың кейбір партиялар тізімінде үміткер ретінде көрсетілуі де алаңдатарлық жағдай дейді олар. Елдің әрбір 4 сайлаушысының біреуі шетелде жұмыс істейді. Олардың даусын есептеуде де заңсыздықтар орын алуы мүмкін дейді сарапшылар.