Бүгін Обама Прагадағы ЕуроОдақ саммитіне қатысады

АҚШ президенті Барак Обама бір күндік сапармен Чехияға келді. Обама Чехия билігінің жетекшілерімен келіссөздер өткізіп, ядролық қару таратудан төнген қауіп-қатер жөнінде сөз сөйлейді.

Обама Еуропа Одағына төрағалық ететін Чехия премьер-министрі Мирек Тополанек пен ЕуроОдақ жетекшілерінің Прагадағы саммитіне қатысады.
Мирек Тополанек өзін АҚШ президенті Шығыс Еуропада зымыраннан қорғаныс жүйесін орнату жоспарын жалғастыруға көндіреді деп, күнтәртібіне Обамамен кездесуді белгіледі.