АҚШ ресмилері Пәкістанда

АҚШ-тың Ауғанстандағы арнайы өкілі Ричард Холбрук пен АҚШ-тың штабтар басшылары бірлескен комитетінің төрағасы адмирал Майк Муллен Исламабадқа барды. Олар Пәкістан ресмилерімен кездесіп, Талибан және Әл-Қаида бүлікшілеріне қарсы күрес жөнінде келіссөздер өткізеді.

Пәкістанға келердің алдында Холбрук пен Муллен Ауғанстанда болып, тамыз айындағы президент сайлауына дайындық мәселесін талқылады.