Обама Түркияда діни басшылармен кездесті

АҚШ президенті Барак Обама Стамбулда түрлі дін өкілдері басшыларымен кездесті. Олардың қатарында Ислам, Иудей және түрлі шіркеулерге қарайтын Христиан өкілдері болды. Мақсат-экстремизмге жол бермес үшін байсалды бағытты ұстанушы дін өкілдерінің басын біріктіру. Обама дүйсенбіде сөйлеген сөзінде “Құрама Штаттар Исламға қарсы соғыс ашқан жоқ” деген пікірін жеткізді. Президент сонымен бірге Түркия, Армения Сыртқы істер министрлерімен кездесті. Қос ел қарым-қатынастарын жақсарту басты назарда болды. Обаманың сапары бүгін, сәуірдің 7-де аяқталады.