Тәжікстанның жоғарғы соты халықаралық есірткі тасымалының жетекшісі Сухроб Лангариевті өмір бойы бас бостандығынан айырды. Бүгін соттың баспасөз кеңсесі таратқан мәлімдемеге сәйкес, Лангариевтің қылмыстық тобына мүше 7 адам да өмірлік түрме жазасына кесілген. Ал қалған 11 кісі 6 жылдан 21 жылға түрмеге жабылған. Лангариев өткен жылдың мамыр айында қамауға алынған болатын.