Иран билігі: Американдық журналист тыңшы болды

Иран билік орындары АҚШ-ирандық журналисіне тыңшылықпен айналысты деген айып тағып отыр. Франц-пресс ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Теһран прокурорының орынбасары Хассан Хадад айыпталған журналист өзіне тағылған айыптардың бәрін қабылдады деген.

Қаңтар айынан бері абақтыда отырған Роксана Сабери басында алкогольді ішімдік сатып алғаны үшін тұтқындалды деп хабарланған болатын. Кейінірек Иран ресмилері журналист Сабери заңсыз жұмыс істеді деп мәлімдеді. АҚШ Иранды Сабериді босатуға шақырды.