АҚШ Орталық барлау агенттігінің директоры Леон Панеттаның айтуынша, агенттік шетелдерде бұдан былай құпия түрмелерді ұстамайтын болады. Сондай-ақ, оларды жабуды жоспарлауда. Президент Барак Обама қаңтар айында қатыгез тергеулерге тиым салып, құпия түрмелерді жабуға бұйрық берген болатын. Панетта бейсенбі күні Конгресте сөйлеген сөзінде Орталық барлау агенттігі тергеулерді жүзеге асыру үшін келісімшартпен арнайы адамдар жалдауын тоқтатты деді. Конгрестің ықпалды мүшелері бұл тәжірибені күш қолдануға жол ашып беру, деп айыптаған болатын.