Иран парламентінің спикері Али Ларижани Ислам республикасының ядролық күш екенін әлемнің алпауыт елдері қабылдауы тиіс деп мәлімдеді. Ларижанидің бұл мәлімдемесінің алдында Германия мен БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне мүше елдер – Британия, Қытай, Франция, Ресей, және АҚШ мемлекеттері Иранмен оның ядролық әрекеттеріне қатысты тікелей келіссөздер өткізу туралы ұсыныс жасаған болатын.
Ларижани парламентте сөйлеген сөзінде ядролық технологиясын бейбіт мақсатта пайдалануға Иранның құқығы бар, бұл Ядролық энергияны таратпау жөніндегі келісім шарттарына қайшы келмейді деп атап көрсетті.
Халықаралық қауымдастық Иранды уран байыту бағдарламасынан бас тартуға шақырған болатын. Батыс елдері Иран жасырын түрде ядролық бомба жасамақшы деп қауіптенеді бірақ Теһран бұл айыптауларды жоққа шығарды.