Ирақ ұлттық қауіпсіздік министрінің мәлімдеуінше, Ирақ пен Түркия және АҚШ күрд көтерілісшілерімен күресуге көмектесу үшін барлау мәліметтерімен бөлісуді көбейтуге келіскен. Франц-Пресс ақпарат агенттігінің хабарлауынша, министр Шируан әл-Уаили Бағдадта Түркия және АҚШ ресмилерімен кездесуінен кейін бұл үш мемлекеттің арнайы комитет құрғандығын айтты. Министрдің атап көрсетуінше, бұл комитет Түркияға шабуылдарды ұйымдастыратын сепаратистердің Күрд жұмысшылары партиясымен күресетін болады.