Ағылшын полициясы түрмені өз бақылауына алды

Британия полициясы тұтқындардың тәртіпсіздік әрекеттерінен кейін Ашуелл түрмесін қайта өз бақылауына алды. Мұнда жүздеген тұтқын 24 сағат бойы толқулар ұйымдастырып, түрме ғимараттарына өрт қойған болатын. Ресмилердің айтуынша, Лондонның солтүстігіндегі бұл түрмеде болған тәртіпсіздік әрекеттерінен 3 тұтқын жарақат алған бірақ түрме қызметкерлері жапа шекпеген. Тұтқындардың мұндай әрекетіне қамауда отырған бір адамға қатысты жеңілдіктер жойылғандығы себеп болған көрінеді.