Шешенстанның бір сарбазы қашып кеткен, енді біреуі әріптестерін атып өлтірген

Шешенстанның Ново-Шарой аймағында әскери қызметін өтеп жүрген жерінен қашып кеткен Иркит Рес-Тарочин есімді қатардағы жауынгерге іздеу салынуда.

Әскер қатарына Тува республикасынан шақырылған ол өзімен бірге автомат пен 120 патронды алып кеткен. Қаруланған қашқын жөнінде көрші аймақтардың құқық қорғау органдарына хабарланған.

Сондай-ақ дәл осы ауданда тағы бір жауынгер өзінің үш қызметтесін атып тастап, өзін-өзі өлтіруге талпынған. Басынан оқ тиген ол ауруханаға жеткізілген, зерттеу жұмыстары жүргізілуде.