Лукойл Ираққа өкілдерін жібермекші

Ресейдің Лукойл компаниясының делегациясы Ираққа сапармен барып, мұнайға қатысты миллиардтаған долларлық келісім-шартты қайта жандандыру мәселесін талқыламақ. Бұл келісім-шарт 2002 жылы Лукойл Ирақтан шығарылған кезде тоқтап қалған болатын. Премьер-министр Нури әл-Маликидің мәлімдеуінше, Ирақ үкіметінің ымыраға келу мақсатында бірқатар ұсыныстары бар. Бұл туралы Нури әл-Малики “Время Новости” газетіне берген сұхбатында айтты.

1997 жылы Лукойл компаниясы Батыс Қурна-2 мұнай кенішін игеру жөніндегі 3.4 миллиард долларлық келісімге қол қойған болатын. Бірақ Саддам Хуссейн билігімен арада орын алған келіспеушіліктерден кейін аталған компания елден шығарылған-ды.