Ирандық президенттіктен үміткер Мир-Хоссейн Моуссави елдің даулы уран байыту бағдарламасы тоқтады дегенді жоққа шығарып, егер өзі президент болып сайланса бұл ядролық бағдарламаның қару жасауына жол бермеуге кепілдік беру үшін жұмыс істейтінін айтты.
Моуссави бұл жайында Британияда орналасқан Financial Times газетіне берген сұхбатында айтып, Иранда ешкім Батыс елдерінің талабымен уран байыту ісін тоқтатуды қабылдамайды деді.
Маусым айында өтетін президенттік сайлауда қазіргі президент Ахмединежадтың басты қарсыласы, 1980 жылдары Иран премьер-министрі болған Моуссавиді бұрынғы президент Мохаммад Хаттами қолдап отыр.
Иран ядролық қару жасауға тырысып жатыр деген айыптауларды жоққа шығарып, өзінің атом бағдарламасы электр қуатын өндіру үшін деп келеді.