Ақ үй Пәкістанның Суат жазығындағы келісімді сынады

Ақ үй Суат жазығында ислам заңдарын енгізуге келіскен Пәкістан президентінің шешіміміен келіспейді. Талибан бүлікшілерімен арадағы бейбітшілік келісімінің бір бөлігі ретінде Пәкістан президенті Асиф Али Зардари елдің солтүстік-батыс шекаралық өлкесінде шариғат заңдарын енгізу туралы қарарға қол қойды. Президент Барак Обаманың баспасөз хатшысы Роберт Гиббс бұл келісім демократия мен адам құқықтарын шектейді деп атап көрсетті.

Суат жазығындағы жергілікті билік орындары соңғы жылдары көбейіп отырған зорлық-зомбылық әрекеттерінен кейін аймақта шариғат заңын қабылдау туралы исламшылардың талабын орындауға келісті.