Үндістандағы жалпы сайлаудың барысында қан төгілді

Үндістандағы жалпы сайлаудың бірінші сатысы басталған бейсенбі күні маоист партизандарының тұтқиыл шабуылынан 17 кісі қаза тапты. Жалпы сайлауға байкот жариялауға шақырған маоистер Үндістанның 4 штатындағы бірқатар нысанға шабуыл ұйымдастырды. Үндістанның шығысындағы Джарханд штатында әскери қызметкерлер отырып келе жатқан автобусты жаруы – ең ірі диверсиясы болды.
Үндістандағы 5 сатыдан тұратын сайлау 13 мамырда аяқталады. Оның бастапқы нәтижесі 16 мамырда мәлім болады. Негізгі бәсекелестік билік басындағы Үндістанның ұлттық конгресс және жетекші оппозициялық «Бхаратия Джаната» партияларының арасында өтуге тиіс.