Беларусь полициясы шеруді күшпен таратты

Бүгін Минскіде Беларусь полициясы 100-ге тарта оппозиция белсенділерінің шеруін тоқтатты. Ассошейтед пресс агентігінің хабарына қарағанда, шерушілер демократиялық реформалар жасауды талап еткен. Жиналған жұртты күшпен тарату кезінде біреулердің жараланғаны немесе қамауға алынғаны туралы мәлімет айтылмады.
Президент Александр Лукашенко жақында Батыспен байланысын жақсартуға күш салған. Бірақ оппозция ол авторитарлық билігін жалғастырып отыр деп Лукашенконы айыптайды.