Баспасөз құралдарының хабарлауынша, Қытай Қазақстанға 10 миллиард доллар бөлмек, оның жартысына «Маңғыстаумұнайгаздың» үлесі сатып алынбақшы. Бейжіңде екі елдің басшылары осындай келісімге келді. Қазақстанның энергетика саласында Қытайдың үлесінің артуын батыс сарапшылары тұрақтандырушы фактор ретінде атап отыр.
Қытай Қазақстан үшін халқының саны ең көп көрші ғана емес, сонымен бірге, ядролық қаруы бар іргелес екі елдің бірі. Қытай Қазақстанға барынша жақын жатқан аса ірі халықаралық базар және әлемдегі экономикасы ең мықты бес елдің ішіндегі көрші жатқан бірден бір ел.
Қазақстан мен Қытай арасындағы қарым-қатынастың болашағы қандай? Қытайдың Қазақстандағы ықпалы арта түсе ме? Егер солай болса, бұл ықпал Қазақстанды қалай қарай тартады? Өзінің мүддесін тиімді пайдалану үшін Қазақстанға қандай саясат ұстанған тиімді?
Елдің халықаралық қатынастарының болашақ даму бағытына бей-жай қарамайтындарды толғандыратын осындай сауалдарға түрлі сарапшылар мен талдаушылар жауап тапқысы келеді. Бұл саладағы кәсіпқой мамандардың бірі, сыртқы саясат жөніндегі Герман қоғамының сарапшысы Штефан Майстердің (Stefan Meister) ой-толғамдарын Dw-World.de сайты жариялады.
Штефан Майстер, бірінші кезекте, екі мемлекет арасындағы кооперацияның динамикалық түрде өсетінін атап өтеді. Ол, әсіресе экономикалық және энергетикалық саладағы интеграцияға күш түсетінін бөліп айтады.
Dw-World.de сайты сарапшының: «Қазақтардың табиғи және шикізат қорларына шығу үшін қытайлықтардың қалай жанталасып жатқанын, Қазақстанның энергетика кәсіпорындарында белсенді ойыншы болуға олардың тырысып жатқандарын байқап отырмыз» деген сөздерін келтіреді.
Одан ары ЕуроОдақтың Орталық Азиядағы белсенділігін бағалай келіп, сарапшы осы аймақтың елдерімен кооперацияны дамытуда ЕО-ның салыстырмалы түрде алғанда баяу, шабандау қозғалып отырғанын атап өтеді. Бұл жерде Штефан Майстер ЕО-ның Орталық Азия бойынша қабылдаған стратегиясына сілтеме жасайды. Бұл стратегия ЕО мен Қазақстанның, ЕО мен жалпы Орталық Азияның экономикасы мен халықтарын жалғастыратын жанды құрал болудың орнына қағаз жүзіндегі бос сөз күйінде қалып қойған.
Штефан Майстер, бұл үшін, өздерінің сыртқы саясатының жекелеген салаларында еуропалықтар мен немістердің ойлау қабілетінің тарлығын, алысты болжай алмайтындығын кінәлайды. Соңғылары «болашақта олар үшін маңызы жылдан жылға арта беретін стратегиялық жағынан маңызды аймақтар туралы ойлаудың орнына, бірінші кезекте жанындағы мәселелерді ғана ойлап, тұмсығының астындағыдан басқа ешнәрсені көрмейді» деп қынжылыс білдіреді аталған сарапшы.
Сарапшының пікірінше, ЕуроОдақта энергоресурстарға бай аймақтармен қарым-қатынас жасау туралы біртұтас энергетикалық саясат пен ұзақ мерзімді стратегия әзірге жоқ. Көптеген өмірлік маңызы бар экономикалық салаларда оның және осы одақтың көптеген аймақтарының сыртқы энергоресурстардан тәуелділігі қазірдің өзінде анық көрініп тұр деп есептейді ол.
Штефан Майстер бұл істе қытайлықтардың белсенділігіне оң баға бере отырып, олар «өте прагматиктер, үсті-үстіне жаңа келісімдер жасайды, стратегиялық маңызды жобаларға инвестиция жасап, бұл аймақтағы өздерінің позицияларын нығайтуда» дейді.
Сарапшы жоғарыда айтылған қытайлардың белсенділігі ЕуроОдақтың мүддесіне қауіп төндіреді деп айтудан аулақ. Өз пікірінде ол алысты болжап, шындыққа жақынырақ келіп отыр. Майстер Қазақстан мен Қытайдың арасындағы қарым-қатынастың дамуынан әлемнің бұл аймағындағы болашақ жанжалдың емес, керісінше, тұрақтылықтың факторын көріп отыр.
«...Қазақстан президенті Қытаймен жақындасу саясатын бастап отыр. Бұл ынтымақтастық Қазақстанға өзінің экономикалық және энергетикалық саясатын диверсификациялауға және оны Ресейден тәуелсіз қылуға мүмкіндік береді. ...бұл бүкіл орталықазия аймағының тұрақтануына алып келіп, Ресейді тыныштандырады»,- деп атап өтеді Штефан Майстер.
Ол әлем экономикасындағы рецессия әлемнің көптеген елдері мен аймақтарының экономикаларының жақындауына себепкер болғанын атап өтті. Рецессия «Қазақстан-Қытай» қарым-қатынасының жүйесінде де осы бағытқа серпін береді: егер Қытай ұзақ мерзімді негізде энергоресурстардың тұрақты жеткізілуіне мұқтаж болса, Қазақстанға өз тауарларын өткізетін жаңа экспорт базарлары және Қазақстан экономикасының түрлі салаларын дамытуға инвестициялар керек. Бұл жерде Қазақстан мен Қытай бірін бірі толықтырып тұр.
Бүкіләлемдік рецессияның жағымсыз әсерлерін еңгеріп, ұлттық экономикасын жандандыру үшін Қазақстан 15 миллиардтай доллар бөлуге мәжбүр болса, Қытай бұл мақсатқа 585 миллиард доллар (ВВС-дің деректері) бөледі.
Би-би-си (ВВС) сайты бұны былайша түсіндіреді. Негізінен, ЕуроОдақ пен АҚШ-тағы өз тауарлары сатылатын базарларда сұранысты жандандыруға Қытайдың мүмкіндігі жоқ. Сондықтан, Қытай өз ішіндегі сұранысты жандандыруға мәжбүр. ВВС –дің хабарлауынша, өндірістегі құлдыраудың салдарынан, Қытайда 40 миллионнан астам адам жұмыссыз қалған.
Әлемдік дағдарыстың Қытай экономикасына зиянды әсер еткені соншалық, биылғы жылдың бірінші тоқсанындағы экономиканың өсуі 6,1 пайыз болған. Бұл 1992 жылдан бері қарайғы уақыттың ішіндегі тоқсандық өсімнің ең төменгі индексі деп атап өтеді Аljazeera ақпараттық арнасы.
Өз кезегінде, әлемде экономикасы жағынан үшінші орында тұрған Қытайдың ішкі жалпы өнімінің өсуіндегі тежелу себебі - экспорт көлемінің азаюы корпоративтік табыстардың азаюына алып келгендіктен, дейді «Америка дауысы». Осыдан барып мемлекет бюджетіне түсетін кірістер азайып, елдегі жұмыссыздық проблемасын ушықтырды.
Иә, әлемдік шаруашылықтағы дағдарысты, бір-бірімен ынтымақтасқан түрлі елдердің бірлесіп қабылдаған шараларының арқасында тезірек жеңуге болады. Және Қазақстан мен Қытай арасындағы кооперацияның барысы екі елге де пайдалы. Солай бола тұра, экономикада болсын, саясатта болсын халықаралық істерді жүргізгенде, Қазақстан тек бір ғана тірекке арқа сүйеп қоймауы керек.
Халықаралық қатынастардың ережесі бойынша мемлекеттің «мәңгілік жаулары да, мәңгілік достары да» болмайды. Тек «мәңгілік мүддесі» ғана болады. Сондықтан, Қазақстанға өз экономикасын одан ары диверсификациялау керек. Шикізатқа тәуелділіктен қашуға тырысып, маңыздылығы кем емес басқа да елдермен (өзінің шығыстағы көршісімен және басқа да көршілерімен қатар), АҚШ-пен, ЕуроОдақпен, G20 клубына мүше елдермен динамикалық, тепе-тең байланысын дамытуы керек.
Яғни, Dw-World.de сарапшысының сөзімен айтқанда, ашық экономиканы құру керек. Мұндай жағдайда Қазақстанға шетелдік державалардың «шикізат көзіне» айналу қаупін нөлге дейін төмендетуге мүмкіндік туады.
Сарапшылар болашақта Қытайдың Орталық Азиядағы ықпалы одан сайын арта түсетініне сенімді. Жақында Қазақстанның қаржы министрі Болат Жәмішев, Қазақстан қосымша резервті валюта ретінде юаньнің болғанына қарсы емес деп ашық айтты. Егер мұндай шара қабылдана қалса, екі ел арасындағы кооперация дәрежесін тереңдетіп, әлемнің осы аймағындағы (Қазақстанның Орталық Азиядағы орнын есепке алғанда) Қытайдың ықпалын арттыруға себепкер болуы керек.
Қытай өзінің халықаралық алтын-валюта қорына 1,9 триллион АҚШ долларына тең қаржы жинап, рекордтық көрсеткішке жетті. Алтын-валюта қоры жағынан Қытай әлемнің барлық елдерінен алда тұр.
Бұл Бейжіңге әлемнің түрлі елдері мен түкпір-түкпірлерде өзінің ықпалын арттырып, мүддесін жүргізуге мүмкіндік береді. Биылғы жылдың басында, көмірсутек шикізатын жеткізуге айырбас ретінде, Қытай Ресейге 20 миллиард доллардан астам несие беруге келісім жасады. Жақын арада ғана ВВС хабарлағанындай, енді Қытай АСЕАН-ға мүше елдердің экономикаларын жандандыру үшін 25 миллиард доллар көлемінде қаржы бөліп отыр.
«Новости-Казахстан» ақпарат агенттігі Қытай Қазақстанға 10 миллиард доллар бөлетінін, оның жартысына «Маңғыстаумұнайгаздың» үлесі сатып алынбақшы екенін хабарлады. Күні кеше ғана Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен ҚХР-ның төрағасы Ху Цзиньтао Бейжіңде осындай келісімге келді.
Сонымен бірге, агенттіктің деректері бойынша, бұл бөлінген қаржы Бейнеу-Бозой-Ақбұлақ-Шымкент газқұбырының құрылысына жұмсалмақ. Қалған 5 миллиард доллар Қазақстанның Даму банкіне бөлінеді.