Тәжікстанда лаңкестікке қарсы күрес мақсатындағы әскери жаттығулар басталды

Шанхай ынтымақтастық ұйымы бүгін, сәуірдің 18-де, Тәжікстанда лаңкестікке қарсы ірі әскери жаттығулар өткізуде. Ресей, Қытай және Орталық Азия елдерінен 1000-нан аса әскерилер Фахрабад әскери базасына жұма күні жиналды.
Душанбенің оңтүстігіндегі аталған базада өтіп жатқан бұл жаттығулар 3 күнге жоспарланған болатын. Оның барысында әскери тікұшақтар, қырғи ұшақтар және басқа да әскери техникалар қолданылуда.