Доминик Стросс-Кан: дефляцияның қаупі күштірек

Халықаралық валюта қорының (МВФ) басшысы Доминик Стросс-Кан жақын болашақта әлем экономикасына инфляциядан гөрі дефляцияның қаупі көбірек екенін мәлімдеді, — деп хабарлайды Reuters.

«Инфляцияның тәуекелі нөлге тең шамада, қазір бізге одан гөрі дефляция мәселесін ойлау керек», — деді Д.Стросс-Кан.

Ал 11 сәуір күні Германия қаржы министрі Пеер Штайнбрюк керісінше, дағдарыспен күрестің әдістері әлемдік масштабтағы инфляциямен күресу болуы керектігін айтқан. Оның пікірінше, қазір дағдарысқа қарсы экономикаға қаржы құюдан басқа күрестің түрі жоқ.