Қазақстан сыртқы істер министрі Марат Тәжин Прагаға келді. Дүйсенбі күні ол Чехия сыртқы істер министрі Карл Шварценбергпен кездесіп, екі жақты ынтымақтастық және Еуропа Одағымен арадағы қарым-қатынастар мәселесін талқылады. Екі ел сыртқы істер министрлері өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды.