Шри-Ланканың соғыс аймағынан 50 мың адам қашып шықты

Шри-Ланканың әскерилері елдегі жікшіл көтерілісшілерге қарсы ақырғы соққы беруге дайындық жүріп жатқанда, соғыс аймағынан шамамен 50 мың адам бас сауғалап кетті деді.
Жаппай көшу дүйсенбі күні қауіпсіздік күштері бүлікшілер бақылауындағы үлкен жолды талқандаған соң басталды.
Шри-Ланканың солтүстігі мен шығысында тәуелсіз аймақ құру мақсатында 1970 жылдары құрылған Тамил барыстары жікшіл қозғалысының көтерілісшілері қарапайым халықты қалқан ретінде пайдаланып отыр деп әскерилерді айыптады. Билік күштері болса көтерілісшілер халықтың көшуіне жол бермей отырғанын айтты.