Ходорковский өзіне тағылған айыпты мойындамайды

Бүгін Ресейдің түрмеде жазасын өтеп жатқан бұрынғы мұнай алпауыты Михаил Ходорковский мен оның әріптесі Платон Лебедев жүріп жатқан екінші сот процесіндегі мұнай компаниясы “ЮКОС”-тың миллиардаған ақшасын жымқырды деген айыпты мойындамайтындықтарын айтты.
Ходорковский мен Лебедев 2003 жылдан бері түрмеде отыр. Олар салықтан жалтарды және алаяқтық жасады деген айыппен 8 жылға сотталған болатын.