Он мыңдай адам Грузия астанасында шерулерін жалғастырды

Олар президент Михаил Саакашвилидің қызметінен кетуін талап етуде. Шерушілер Тбилиси орталығында бірнеше ондаған жалған түрмелер макетін жасап қойысты. Осы арқылы олар Саакашвили билігі тұсында Грузия полиция мекеніне айналды деген көзқарастарын көрсетпекші. Сәуірдің 9-нан бері күн сайын шеруге шыққан азаматтар пасха мерекесіне арналған 4 күн бойы шерулерді тоқтатып қойған еді. Саакашвили өзі сайланған 2013 жылға дейін биліктен кетпейтінін айтуда.