Ертең Болгарияда «Еуропа үшін табиғи газ: қауіпсіздік пен ынтымақтастық» атты энергетикалық саммит басталады. Оған Қазақстаннан баратын делегацияны ҚР энергетика және минералды ресурстар министрінің орынбасары Ләззат Қиынов басқарады, — деп хабарлайды ҚР СІМ баспасөз қызметі.
Саммит жұмысы Ресей, АҚШ, Әзірбайжан, Украина, Түркия, Грузия, Қазақстан, Түркіменстан, Египет сияқты Еуроодақтың негізгі энергетикалық серіктестерін диалогқа тартуға бағытталған.
Форум жұмысы барысында саясат пен экономика аясында Еуроодақтың табиғи газға сұранысының мәселесі сөз болмақ.