Сербияда болған өлімге жауапты емеспіз деді НАТО

Amnesty International ұйымы бұдан 10 жыл бұрын Серб теледидары ғимаратын бомбалау барысында қаза болған 16 адамның өліміне НАТО жауапты деген болатын. Гаагадағы трибунал болса, ол адам шығындарының болуы заңдық аядан аспаған деген шешім қабылдаған еді. Себебі сол кездегі мақсат бойынша, серб байланыс жүйесін істен шығару үшін аталған шабуыл жүзеге асқан болатын. Аталған бомбалық шабуыл осы жоспардың бір бөлігі еді деді Гаага соты.