Солтүстік коммунистік Кореяның сыртқы істер министрлігі ядролық саладағы ізденістері үшін Пхеньянның қару жасауға болатын плутонийді өндіре бастағанын хабарлады. Оның қарсаңында БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесі Солтүстік Кореяның үш компаниясын санкция қолданылатын фирмалардың тізіміне қосу туралы қарар қабылдаған болатын.
Солтүстік Кореяның БҰҰ-ндағы тұрақты өкілі Пак Ток Хун журналистерге ресми Пхеньян ол қарарды мойындамайды деп мәлімдеді.
БҰҰ-ның ол қарары коммунистік Кореяның 5 сәуірде соғыс зымыранын ұшырауына қарсы қабылдады. Өз кезегінде Пхеньян өзінің ядролық бағдарламасы төңірегіндегі алты жақты келіссөзден шығатынын мәлімдеді.