КХДР лидері өзінің мұрагерін тағайын сияқты

Солтүстік Кореяның лидері Ким Чен Ирдің кенже ұлы Ким Ён Ун – ең жоғарғы мемлекеттік билік құрылымы – ұлттық қорғаныс комиссиясының мүшесі болып тағайындалды.
Ол туралы Оңтүстік Кореяның Ёнхап агенттігі хабарлайды. Саяси шолушылардың пікірінше, бұл тағайындау - 26-жастағы Ким Ён Унның билік басындағы әкесінің мұрагері болуының белгісіне ұқсайды.
Ким Чен Ирдің 3 ұлы бар, бірақ үлкен ұлдары елеулі саяси рөль ойнамайды. Кейбір хабарға қарағанда, өткен жылы 67 жастағы лидердің басына қан құйылды. Әйтсе де таяуда ол тағы қарасын көрсете бастады. Батыс пен Оңтүстік Корея баспасөздерінде ол өзінің мұрагерін тағайындауы мүмкін деген хабар шықты.