Грузин телестудиясының ғимараты құлады

Жексенбі күні таңертең Тбилисиде «Рустави-2» телекомпаниясы студиясының 4 қабатты ғимараты опырылып қирады. 9 адам зардап шегіп, екеуі ауруханаға түсті. Құтқарушылар телекомпанияның тағы 2 қызметкерін іздестіруде.
Студияда музыкалық «Жұлдыздар академиясы» жобасын түсіріп жатты да, онда соңғы апталарда жас әншілер тұрды.
Апаттың себептері анықталуда. Тбилиси әкімі Гиги Угулава ғимараттың бір бөлігі жөндеуде болғанын хабарлады.