Исландия: Парламент сайлауында солшылдар жеңді

Исландиядағы парламент сайлауында социал-демократтар мен «жасылдар» партиясының солшыл коалициясы айқын жеңіске жетті. Дауыстарды есептеудің нәтижесінде солшылдар 63 орынды парламенттегі 34 мандатқа ие болады. Жаңа үкіметке өтпелі үкіметтің премьер-министрі Йоханна Сигурдардоттир ханым басшы болатын тәрізді.
70 жыл бойы парламентте басым дауысы болған Тәуелсіздік партиясы ойсырай жеңіліс тапты, олардың үлесіне парламенттен 16 орын ғана тиеді.
Сайлаудың қорытындысына Исландиядағы ауыр экономикалық дағдарыс ықпал етсе керек. Көпшілік халық дағдарыс үшін Тәуелсіздік партиясын айыптайды.