Британия премьері ауған президентімен кездесті

Британия премьер-министрі Гордон Браун күтпеген жерден Ауғанстанға барды. Дүйсенбі күні ол Ауғанстан президенті Хамид Қарзаймен кездесіп, экстремизммен күрес жөніндегі жаңа стратегияны талқылады. Браун сондай-ақ елдің оңтүстігіндегі Хелманд өлкесінде орналасқан Британия күштерімен кездесті.