Қазақстан доңыз тұмауына байланысты шекаралық бақылауды күшейтті

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі баспасөз қызметінің ақпаратынша, Қазақстанда доңыз тұмауы таралуының алдын алу үшін шекарада эпидемияға қарсы шаралар күшейтілді.

Республикалық санитарлық-эпидемиологиялық станцияның референс-зертханасы доңыз тұмауына қатысты зерттеулерді жүргізуге дайындалды. Мемлекеттік шекарадан өтетін жерлерде (халықаралық әуежайлар, темір және автожол өткелдері) шетелдерден келгендерді санитарлық-карантиндік бақылау (экипаж мүшелері мен жолаушыларды сырттай қарау және олардың арасында сауалнама жүргізу, қажетті жағдайда дене қызуын тексеру) күшейтілді, — делінген баспасөз хабарламасында.