Қырғызстанда апта басынан бері төртінші жер сілкінісі тіркелді

РИА Новости агенттігінің хабарлауынша, Қырғызстанның Жалал-Абад облысында 12 баллдық MSK-64 бағанымен есептегенде күші 6 баллдық жер сілкінісі тіркелген.

Жергілікті уақыт бойынша түнгі 00.53 –те орын алған жер сілкінісінің ошағы Таш-Кумыр қаласынан солтүстік батысқа қарай 70 шақырым жердегі Шатқал жотасы. Жалал-Абад облысының елдімекендеріндегі жер сілкінісінің күші 5 балл, ал Таш-Кумыр қаласында 4 балл болған.

Алдын ала мәліметтер бойынша зардап шеккендер мен құрбан болғандар жоқ. Сейсмологтардың ақпаратынша, бұл респулика көлемінде дүйсенбіден бергі төртінші рет орын алып отырған күшті жер сілкінісі.