Роберт Гейтс соғысқа қажетті қаржыны мақұлдауға Конгресті шақырды

АҚШ Қорғаныс хатшысы Сенат комитеті алдында бейсенбіде сөйлеген сөзінде ол мақұлдаудың 25 мамырға дейін орындалуын сұрады. Сұралып отырған 83 миллиард 400 миллион доллар қаржының 76 миллиарды Ауғанстан мен Ирақтағы соғыстар шығынына бөлінбекші. Ал 400 миллионы Талибан көтерілісшілеріне қарсы күресте Пәкістан үкіметіне көмек ретінде бөлінеді. Тағы 7 миллиард 100 миллион доллар қаржы Мемлекеттік департаменттің халықаралық көмек істеріне бөлінетін болады.