Ауғанстанда бес шетелдік әскер мерт болды

Ауғанстанның шығысында бүлікшілер шабуылынан үш американдық, үш ауғандық және екі латвиялық әскер қаза тапты. АҚШ әскерилерінің хабарлауынша, шабуыл жұма күні Пәкістанмен шекаралас Кунар провинциясындағы сарбаздардың күзет бекетіне болған.
Латвия қорғаныс министрлігі екі әскерінің қазасы туралы ақпаратты растады. Ауғанстан қорғаныс министрлігі оның алдында латвиялық үш сарбаз мерт болды деген еді.