Жапония сыртқы істер министрі Теһранға барды

Жапония сыртқы істер министрі Хирофуми Накасоне саяси және экономикалық келіссөздер жүргізу үшін сенбі күні Теһранға барды. Онда Накасоне Иран сыртқы істер министрі Манучир Моттакимен және президент Махмуд Ахмединежадпен кездеседі.
Келіссөздер барысында екі жақты байланыстар, Ирақтағы жағдайлар мен Иранның даулы ядролық бағдарламасы туралы көтеріледі. Және де жапон сыртқы істер министрі түрмеге жабылған тегі ирандық, американ журналисі, анасы жапон Роксана Саберидің тағдыры жайында сөз қозғамақшы.