Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ел үкіметтерін доңыз тұмауының алдын-алу шараларын әлсіретпеуге шақырды. Оның алдында Мексика осы вирустың жайылуының ең нашар кезеңі аяқталды деп хабарлаған болатын. Бірақ H1N1 вирусы әлі де болса толығымен жойылмады. Халықаралық ұйымның басшысы Маргарет Чан Financial Times басылымына берген сұхбатында аталған вирус осы жылдың аяғында қайта оралуы мүмкін деп атап көрсетті. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, бұл вирус 20 елде шамамен мыңға жуық адамнан анықталған, сондай-ақ осы дерттен 26 адам қаза болған.