Қазақстан премьері «Exxon Mobil Kazakhstan» компаниясының өкілдерін қабылдады

Мамырдың 5-і күні Астанадағы Үкімет үйінде Қазақстанның премьер-министрі Кәрім Мәсімов «Exxon Mobil Kazakhstan» компаниясының өкілдерімен кездесті, деп хабарлайды үкіметтің баспасөз қызметі.

Тараптар «Exxon Mobil» компаниясының мұнай-газ кен орындарын игеру жөніндегі қазақстандық жобаларға қатысуы және компанияның Қазақстандағы қызметін дамытудың перспективаларын талқылаған. К.Мәсімов компания өкілдеріне елдің мұнай-газ саласында жоғары жергілікті үлес бар озық технологиялы өндіріс орнын құруды көздейтін жобаларды іске асыруға үкімет көмек көрсетуге әзір екенін жеткізген.